Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда ол қосымшаны 122 333 адам пайдаланады.
Қазіргі таңда «TortTulik» қосымшасын Түркістан облысының фермерлері көп пайдаланады. Олардың саны 28 881. Жетісу облысында – 24 034,Қызылорда облысында - 18232,Солтүстік Қазақстан облысында – 13026 пайдаланушы бар.
Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - ШҚ,ЖШС,ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады, ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде іс-шаралар жүргізе алады.