RSS лента

"Coca-Cola" құрамында есірткі бар ма?

  • 17.07.2024, 14:07,
  • 274
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

Instagram қосымшасында Coca-Сola сусынының құрамында кока жапырақтары бар деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Газдалған сусынды ойлап тапқан Пембертон есірткіге тәуелділіктен арылу үшін әдейі осы рецептіні әзірлеген екен. Coca-Сola-ның алғашқы атауы – «Пембертонның француз кокаин шарабы». Пайдаланушылардың пікірінше, өндірушілер кока жапырақтарын сусынға қосу арқылы халық санын бақылайды. Ресми stopfake.kz мұны жоққа шығарып отыр.


 

«Британ энциклопедиясында» газдалған сусынның шығу тарихы жазылған: «Coca-Cola сусынын 1886 жылы Атланта фармацевті Джон С.Пембертон (1831-1888) Pemberton Chemical Company-де ойлап тапқан. Оның есепшісі Фрэнк Робинсон сусынның атауын таңдап, әдемілеп жазған, сөйтіп Coca-Cola сауда маркасына айналды».

 

Дереккөздердің көбі мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, Пембертон алдымен Еуропада шығарылған рецепттіні алып, оны аздап өзгерткен.

 

Еуропалық химиктер кока жапырақтарынан адам ағзасына күшті ынталандырушы әсер ететін затты бөліп алды. Олар оны кокаин деп атады. Таза күйінде ол ең күшті есірткі құралдарының бірі болып табылады. Бірақ кока жапырақтарында есірткі өте аз. Айта кетейік, Перу мен Боливияда тұрғындар арасында кокаин бұталарының жапырақтарын шайнайтын ойын әлі де бар.

 

Италиялық дәрігер Анджело Мариани эксперимент жасады. Ол 1883 жылы шарапқа кока жапырағының сығындысын қосып, сусынды Vin Mariani деп атайды. Шарап керемет жетістікке жетті. Америкалықтар өнертабысты көшірмек болды. Олардың бірі Джон Пембертон оны қайталай алды.

 

Америкалық дәріхана қызметкері Пембертон 1865 жылы Колумб шайқасына қатысып, қылыш жарақатын алады. Ауырсынуды басу үшін ол морфин қабылдай бастайды. Сөйтіп, оған тәуелді болады. Пембертон морфинді алмастырудың жолын қарастырады. Ол Марианидің шарабы туралы біліп, сондай бірдеңе жасамақ болады. Осылайша, 1885 жылы сергітетін «Пембертон кокасы қосылған француз шарабы» пайда болады.

 

Дәріхана қызметкері үш ингредиентті араластырды: Перуде өсетін кока өсімдігін, Африкада өсетін кола жаңғағын және жүзім шарабын. Пембертонның айтуынша, бұл жай алкогольдік сусын емес. Шарап жүйке ауруларынан, іш қатудан, бас ауруын және т. б. емдейді.

 

Көп ұзамай кока жапырақтарына тыйым салынды. Ал Пембертон сусынының алкогольсіз түрін ойлап табады.

 

Snopes фактчекері өз зерттеулерін жүргізіп, Coca-Cola-дағы кокаин экгонин екенін анықтады. Ол кокаинге дейін шыққан. Оны кока өсімдігінің сығындысынан алған. Яғни газдалған сусында кокаин мүлдем болған емес.

 

Coca-Cola-да бір кездері есірткі болған деген болжамды өндіруші де жоққа шығарды. Оның нақты ұстанымы ресми сайтта жазылған: «Coca-Cola-ға ешқашан кокаин қосылмаған және қосылмайды».

 

ХХ ғасырдың басында кока жапырақтары Coca Cola ингредиенттерінің тізімінен алынып тасталды. Сусынның құрамында халықтың азаюына әсер ететін есірткі бар деген пікір – фейк.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости