RSS лента

Екі есірткі фитолабораториясы әшкереленді

  • 26.06.2024, 09:02,
  • 169
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Прокурорлар екі өңіраралық есірткі тасымалының жолын кесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Атырауға Алматы және Ақтөбе облыстарынан синтетикалық есірткі жеткізбек болғандардың екі тасымалының жолы кесілді. Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткінің фитолабораториясын ұйымдастырған екі күдікті ұсталды.

 

Олар тұрғын үй ішінде арнайы желдеткіштер мен жарық және суару жүйелерін орнатып қарасора, марихуанна өсімдіктерін өсіріп, есірткі айналымын жүзеге асырмақ болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде олардан 100-ден астам есірткі өсімдіктерінің бұтақтары тәркіленді.


Айта кету керек, Атырау облысы аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығып сату әдісі арқылы өткізбек болғандардың басым бөлігі еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары, 18-35 жас аралығындағы жастар.

 

Олардың барлығы дерлік оңай олжаға кенелуді ойлап, түрлі желілер мен сайттардағы жоғары жалақысы бар жұмыс деген жалған жарнамаларға сеніп келген. Мәселен, жыл басынан бері Атырауда есірткіні жасырын тығып сатпақ болған 27 күдікті ұсталды.

 

Олардың дені Павлодар, Астана, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Қызылорда және Орал қаласының тұрғындары.

 

 "Күдіктілер мұндай қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы көзделгенінен де бейхабар болған. Көбі темір торға жабылған соң ғана өкінетінін айтуда" дейді атыраулық прокурорлар.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости