RSS лента

Адамдардың жолын ашатын ескерткіш бар...

  • 17.06.2024, 11:26,
  • 488
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Қазақстанда адам айтса нанғысыз, аңызға бергісіз тарихи ескерткіштер бар екенін біреу білсе, біреу білмейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, екі ғасырлық тарихы бар Секер сұлу кесенесі – солардың бірі. Рас, бүгінге дейін күмбезі сақталмаса да, қабырғалары әлі де қасқайып тұр.

 

Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Секер сұлу 1786 жылы Ойылда дүниеге келген екен. Оның руы Шеркеш-Жауғашты. Ол – Байсалы деген мыңғырған малы бар байдың қызы. Әкесі бай бола тұра өте мейірімді жан болған деседі. Малын ұрлағандарды жазаламай, оған көңіл аудармауға тырысыпты.

 

Байсалының Ақбұлтыш пен Ақтомпыш деген екі әйелі болған. Бірінші әйелінен бала болмаған. Ал, екіншісінен Секер сұлу туған. Оны әкесі еркелетіп өсіріпті. Қызы үш жасқа толғанда Шеркеш-Қосымның Ақшолақ деген байы құда түсуге келген екен. Оның ұлы Ақсейіт ол кезде бес жаста болыпты.

 

Секер сұлу 15 жасқа келгенде оны Ақсейіл алып кетуге келеді. Қыз ұзату тойы оның қазіргі бейіті орналасқан жерде өтеді. Той үш күнге созылған.

 

Ал, төртінші күні Байсалының бірінші әйелі қорқынышты түс көреді. Түсінде Секер бір топ адаммен бірге кетіп бара жатыр екен. Бір қызығы, олардың бәрі де әлдеқашан өмірден өтіп кеткен. Бұл түс туралы сұлудың өзі білмеген. Сөйтіп, таңертең Ойыл өзеніне барады. Суға шомылған соң киініп жатқанда оны жылан шағып алады. Өлерінің алдында өзі ұзатылған жерге жерлеуін сұрапты. Соңынан Ақсейіл де «Секердей сұлу енді туар ма?!» деген өкінішпен қайтыс болады.

 

Бұл тек аңыз ғана. Ал, шын мәнінде қалай болғаны нақты белгісіз. Бірақ, махаббатта жолы болмағандар әлі де болса осында келеді. Олар бұл жерге сұлу қайтыс болған 14 тамыз күні келуге тырысады екен.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости