RSS лента

180 баланың әкесі жалғыздықтан жабығып жүр...

  • 20.02.2024, 22:47,
  • 260
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Солтүстік Ирландияның Ньюкасл қаласында тұратын ұрық доноры 180 баласы болғанына қарамастан жалғыздықтан жабығып жүр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы The Sun-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі жазады. Өзін "жалғыз Джо" деп атайтын 52 жастағы ер адам жұбымен бала көтере алмай жүрген немесе жұп таба алмай жүрген әйелдерге ұрығын береді. Ол үшін әйелдермен  жыныстық қатынасқа түседі немесе ұрық доноры болады. Осылайша ол – 180 баланың әкесі.

 

Джо әйелдерге жүкті болуға көмектескенді ұнатса да ол мұндай әрекет екінші жартысын іздеуге кедергі келтіретінін мойындады.

 

“Мен әйелдерге кездесудің оңтайлы уақытын анықтауға көмектесу үшін көп уақыт жұмсаймын. Кейде овуляция кезеңі өзгеруі мүмкін. Мен әрқашан көмектесуге дайын болуым керек. Бұл маған өз қызметімнен тыс әйелдермен романтикалық қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді", – дейді ол.

 

Джо донорлықты жалғастыруды және өмірлік серік іздеуді жоспарлап отырғанын айтты. Ол өзінің өмір салты мен мінезін қабылдай алатын әйелді табу қиын болатынын мойындады.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости