Пойыз машинисі шұғлы түрде тежегішті басқанымен, пойыз теміржолы бойындағы бес түйеге соқтығысты.
«13 қаңтарда Құлсары стансасында Волгоград-Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда жайылып жүрген түйелерді көріп, жедел түрде тежегішті іске қосты. Әйтсе де, пойызды тоқтату мүмкін болмады. Ол бес түйені қағып өтті» делінген хабарламада.
Теміржол бойында мал жаю ережесін бұзғаны үшін түйелердің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.