RSS лента

Қарапайым қазақстандық жұмысшы Испанияға шақырту алды

  • 28.11.2023, 12:46,
  • 234
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Turan Times

Қазақстандық шебер Дулат Битаков 15 жылдан бері металл саты құрастырумен айналысып келеді. Жақында ол Испаниядан шақырту алып,енді сол жақта тәжірибе жинақтауды жөн көріпті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Отанына оралған соң, көрген-білгенін жерлестеріне үйреткісі келеді екен.

 

«Кез келген мансап сатысында жетілуге және өсуге ең алдымен ынта, жұмысқа деген қызығушылық керек. 2008 жылдан бері "Батыс Ескене" (Қарабатан), Қашаған, Атырау өзен порты, "Әбу Даби Плаза" (Астана), Сангачал терминалы (Баку)​ сынды ірі компанияларда жұмыс істедім. Ағылшын тілін меңгердім. Жақында ғана APEC Training Center орталығында NCCER біліктілікті бағалаудан өтуім халықаралық еңбек нарығына жол ашып отыр. Сондықтан халықаралық деңгейге шығып, шетелде жұмыс істегісі келетін отандастарыма тәуекел етуден қорықпай, мақсатқа қарай ұмтылуға кеңес беремін. Әрине, жұбайымды, балаларымды сағынамын. Түптің түбінде елге ораламын. Қазақстанға оралғаннан кейін ТШО жобасының скаффолдинг секторының мұнай және газ саласын дамытуға үлесімді қосқым келеді. Менің мамандығым тәуекелге барудан қорықпайтын, қорқынышын жеңе алатын нағыз ер адамдарға арналған. Жұмыстарымыз биікте жүргізіледі, сондықтан да тым жоғарыға көтерілуге кез келген адамның батылы бара бермейді» дейді ол бізбен әңгімесінде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости