RSS лента

Шошқаның жүрегін адамға салды

  • 25.09.2023, 13:06,
  • 497
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

АҚШ-тың Мэриленд университетінде екінші рет генетикалық түрлендірілген шошқа жүрегін адамға салды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Отадан кейін 58 жастағы Лоуренс Фосетт арнайы құрылғысыз өздігінен демала алған. DW басылымының мәліметінше бұған дейінгі жүрек-қан-тамыры ауруының кесірінен дәрігерлер адамның жүрегін салуға болмайды деген шешім шығарған. 

 

"Соңғы үміт шошқаның жүрегінде еді. Ал қазір өмір сүруге мүмкіндігім бар", – деді ол ота алдында. 

 

Жүрегін ауыстырған соң науқас арнайы препараттар мен антиденелер ішуі керек. 

 

Бұған дейін осындай ота 2022 жылы жасалған еді. 57 жастағы Дэвид Беннет отадан кейін 2 ай өткен соң көз жұмған. 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости