RSS лента

Жағажайдан су перісі табылды...

  • 25.07.2023, 05:15,
  • 447
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Daily Star

Әйел кездейсоқ жағажайдан су перісінің қаңқасына ұқсас сүйек тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Австралия тұрғыны жағадан су перісінің қаңқасына ұқсас сүйек тапты. Ол мұның су перісіне тиесілі екеніне сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star порталына сілтеме жасап хабарлайды. Бобби-Ли Оутс қаңқаны Квинсленд штатындағы Кеппел Сэндс жағажайынан тауып алған. Айтуынша ол ұзындығы шамамен 180 сантиметр, кеудесі мен омыртқасы бар қаңқаны көрген.

 

Әйел бас сүйектің адамдікіне ұқсайтынын аңғарған. Ол бірден бұл су перісінің қаңқасы деп топшылаған. Себебі оның екі аяғының орнына ұзын бір сүйек болған.

 

"Біз қатты қуандық. Себебі мен таңғажайып дүние таптым деп ойладым. Тіпті таңданысымды жасыра алмадым", – деді Оутс.

 

Әйел олжаны суретке түсіріп, суреттерді әлеуметтік желіге жариялап, қолданушылардан қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтауды сұраған. Кейбір адамдар Оутстың болжамын растап, ол су перісінің қаңқасын тапқанын айтқан. Дегенмен, басқалары мұның теңіз сиырларының қатарындағы су сүтқоректілерінің сүйегі екенін алға тартты.

 

"Менің ойымша, бұл кішкентай киттектес жануарға ұқсайды", - деді Лондон зоологиялық қоғамының қызметкері Роб Девилл.

 

Кейін Оутс жағажайда қандай жануар тапқанын түсінбегенін атап өтті.

 

"Өмірімде мұндайды көрмеппін. Бұл бір жасанды нәрсе шығар деп ойлап тұрмын", - деді австралиялық әйел.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости