RSS лента

Бақытгүл Хаменова әсерлі жазба жариялады...

  • 10.04.2023, 18:53,
  • 2 573
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Б.Хаменвоаның "фейсбук" парақшасынан алынды

Бүгін – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова туған күні. Ол өзінің әлеуметтік парақшасында жүрек тебірентер фотосуретін жүктеп, әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Екі ұлымен бірге суретке түсірген анасы: «Қадірлі жақсылар! Құттықтауларыңызға, ақ тілектеріңізге мың сан алғыс! Қасиетті Рамазан айында жолдаған ақ жарма тілектеріңізді Жаратқан Жаппар иеміз қабыл еткей! Баршаңызды құшақтадым!» деп жазба қалдырған.

 

Сондай-ақ, ол ҚР үздік акушер-гинекологі,  «Алтын скальпель» төсбелгісінің иегері, медицина ғылымдарының докторы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Зауреш Аманжоловаға алғыс білдірген.

 

«Кеше қуанышты бөліспекке бас сұққан жақсылардың ішінен өзіңізді ерек атап өтпекпін, Зәуреш Жұманалықызы! Өткен жылы зауал сәттерде анам мен бауырларымның басын сүйеуге, жылы сөзіңізбен қолдау білдіруге Атырауға асықтыңыз. Сол сәттегі азаматтығыңыз бен адамгершілігіңіз үшін ерекше басымды иемін… Әрине, бұған дейін де ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымындағы депутаттық қызметте сыйлас әріптес, тілеулес дос ретінде талай жақсылығыңызға, тектілігіңізге куә болғам. Еріккен екі еркек пен «әділдік орнату» ұғымынан садаға кеткірлердің ермегіне айналған қазіргі сәтте де сол ықыласыңызды білдіре жанымнан табылғаныңызға бек ризамын. Басымда «бөркім бар кезде де», «бөркім қисайған кезде де» достықтан, тілеулестіктен танбаған асылым, Сізге  ғаламның бар жақсылығын тіледім» деп жазды ол.

 

Бұған дейін марқұм әкесін туған күніммен құттықтап жазба қалдырған еді.

 

«Бүгін – марқұм әкейдің  70 жасқа толған күні. Бұрын жыл сайын 1 сәуірде Қайыржан әкейді білетін көпшілік Тамбов көшесіндегі 17 қараша үйге асығатын. Сөзімен, ісімен, болмысымен сыйлы әкейге ақжарма тілектер ақтарылатын. Сол сәттер де сүйікті екен... Міне, өзіңсіз 7 жыл да өте шығыпты, Әке! Әке, сенен мұра боп дүние, дәулет қалған жоқ. Бірақ дүниенің бар байлығы теңесе алмас құндылықтар қалды. Қаймана қазақтың баласын өз баласындай көріп, бауырына басқан, олардың тағдырына алаңдап, шын тілеулестік танытқан сенен қамқорлық, мейірімділікті үйрендік. Жел сөзге ермейтін, қаңқу сөзге елең етпейтін сенен көсемдіктің, шешендіктің, сөз парқын ұғар кемелдіктің үлгісін көріп өстік. Үлкенге де, кішіге де сый-құрметпен қарайтын, ал тентекті тезге салып, ағалық ақылын аямайтын сенен кісілікті, кішілікті қабылдап аппыз. Ұл-қыздарыңның қандайма таңдауын, қандайма шешімін қолдай білетін парасаттылығыңның жөні бір бөлек! Сен үйреткен өмірдің ең ұлы сабағының бірі – балаға сыйластықпен қарау, ұл-қызының ойымен санасу, қашанда қолдау көрсету. Ал үнсіздігіңнің өзі бүтін бір тәлім болатын. Әділетсіздікті, өтірікті, қиянатты жек көретінсің. Өкінішке қарай, өзіңе тартқан қара қызың әділетсіз соттың, өтірікші еркектердің, қиянатшыл тергеушілердің ермегі, құрбаны боп отыр. Бұл зауал күндерді көрмегенің де дұрыс болды ма деймін кейде. Ауыр тиер еді-ау... Артыңнан дұға бағыштар ұл-қыздарың бар, сансыз шүкірлер болсын! Жұмақтан орын бұйыртқай Раббым! Құшағыңды, иісіңді сағындым, ПАПА!» делінген жазбада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости