«Бірінші пайғамбар Мұхаммед емес, Будда емес, Иисус және басқалары емес. Бұл – Хан ата. Бұл – мен. Қараңғы бөлмеде жатқанмын, содан кейін жартылай ұйқыға баттым, сол сәтте маған аян келеді. Құдай: "Хан, сен алғашқы Пайғамбарсың, сен бұл дүниедегі адамдардың қателерін шешуге келдің" дейді. «Мынау 6 ғарыштың заңы. Сен осы арқылы әлемдегі бүкіл қатенің бәрін түзеп шығасың» деп айтты. Коронавирустың мәселесін менің тұқымыммен (шәует – ред.) шешуге болады. Мысалы, адам менің тұқымымды ішсе, ол коронавирустан жазылып кетуі мүмкін» дейді Талдықорған тұрғыны.
Ал, Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің имамы Қамит Табарақ: «Өзін жалған Пайғамбармын деп жариялаған өтірікші адамдарға қарата айтылған "Қиямет күніне дейін 30 адам осылай өзін жариялайды" деген хадис бар. Бірақ олардың саны одан да көбірек болуы мүмкін. Тарихта мұндай адамдардың артынан ешкім ермеген. Ермейді де!» дейді.