Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Дина Тансариге қатысты жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде еліміздегі 15 су қоймасы реконструкциядан өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс полицейлеріне 44 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды, – деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 желтоқсан-02 қаңтар аралығында Қазақстанның ауа-райын Атлантикалық циклондар сериясы және атмосфералық фронттар айқындайтын болады, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, солтүстік өңірлерде 01-02 қаңтарда қар түрінде болады деп күтілуде, деп хабарлайды Turantimes.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
2023 жылғы 27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Биыл Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Бұл заңның басты жаңалықтарының бірі – жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту. Осылайша, жастардың саны 5,7 миллион адамға дейін артты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Дін саласы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тағы бір маңызды бағыты болып қалады. Бұл ретте ведомство алдында өзара байланысты үш міндет тұр. Мәселен, халық арасында мемлекеттің зайырлы құндылықтарын насихаттау, дінаралық келісімді сақтау және діни экстремизмге жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы министр Аида Балаева Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ақпараттық ұлттық технологиялар» АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында «Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты» деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосты, деп хабарлайды Turantimes.kz
Маңғыстау ауданы әкімдігі мен мұнай компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды, ол бірқатар елді мекендердегі әлеуметтік жобаларға 50 миллион теңгені өтеусіз бөлуді көздейді, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР отын-энергетика кешенінің ситуациялық-талдау орталығына сілтеме жасап.