RSS лента

2,3 млрд теңгеге заңсыз пәтерлер иемденген

  • 25.12.2025, 09:07,
  • 32
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайтын пәтерлерді заңсыз иемдену схемасының жолы кесілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады.

 

2014–2016 жылдары, агенттіктің баспасөз қзыметінен білгеніміздей, «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқарған А.Байжұманов салымшылардың ақшасын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырған. Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана қаласының әкімдігі тарапынан аяқталған.

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған. Нәтижесінде 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған.

 

Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости