RSS лента

Қалдық түрлері заң жүзінде бір жүйеге келтірілмек

  • 24.12.2025, 12:38,
  • 17
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Қалдықты басқарудың қолданыстағы нормалары бірнеше кодексте, заңдарда және заңға тәуелді актілерде көрсетілуі талаптардың сәйкес келмеуіне және функциялардың қайталануына әкелді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл қалдықтарды басқарудың бірыңғай тиімді жүйесін жасауға кедергі болуда. Мысалы, Жер қойнауы туралы Кодексте техногенді минералдар қалдық болып табылады, ал Экологиялық кодексте осы мәселе реттелмеген. Бұл жайлы ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.


«Бірыңғай нормативтік-құқықтық құрылымды қалыптастыру мақсатында Тұжырымдамада қайшылықтар мен қайталауды болдырмайтын қалдық түрлері бойынша заңнаманы бір жүйеге келтіру, өкілеттік пен жауапкершілікті нақты бекіту, оның ішінде қалдық иелерінің жауапкершілігін күшейту көзделген. Өнеркәсіптік, коммуналдық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және медициналық қалдықтарды басқару тәртібін жетілдіру көзделген. Бұл шаралар барлық қатысушы үшін талаптардың орындалуын жеңілдетеді және реттеуді ашық етеді», – деді спикер.


Түжырымдамадағы үшінші блок экономикалық ынталандырудың болмауы және қалдықты қайта өңдеу инфрақұрылымының қалыс қалуына арналған. Сектордың экономикалық тартымсыз болуының себептері: қатты тұрмыстық қалдық тарифтері нақты шығындарды жаппайды, кәсіпорындар үшін өндірістік қалдықты қайта өңдеуге қарағанда айыппұл төлеу арзан. Қалдықтардың түрі, көлемі және пайдалы фракциялары туралы нақты деректердің жоқтығы инвесторларды тартуды қиындатады, яғни жаңа өндіріс орындарын ашуды шектетеді.


Осы орайда Тұжырымдамада бірнеше негізгі шешім ұсынылған: тарифтерді әр 3 жыл сайын қайта есептеу және экономикалық негізделген модельге көшу; салықтық преференциялар мен субсидиялар қарастыру; өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жүйесін жетілдіру.


Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде қалдықтарды бөлек жинауды және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда. Іс-шаралар 9 Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде өткізілді. Нәтижесінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 109 контейнер мен 13 модульдік станция орнатылды, 100-ге жуық баннер және 7 фандомат орналастырылған, 700 мың биологиялық ыдырайтын пакет таратылды, үш тілде 9 бейне түсірілді. «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов ОКҚ брифингінде хабарлғандай, 2026 жылы осындай жұмыс тағы 5 ұлттық саябақты қамтиды.
«Астана және Жезқазған мектептерінде қалдықтарды бөлек жинауға арналған 3 285 контейнер орнатылды, мектеп оқушыларына экомәдениет бойынша сабақтар өткізілді. Келесі жылы бағдарлама 15 облыстағы 863 мектепті қамтиды.Өздеріңіз көріп отырғандай, кәдеге жарату төлемінің барлық ақшасы зауыттар салу, қалдықтарды сұрыптауға және қайта өңдеуге арналған жабдықтарды жаңартуға, сондай-ақ экологиялық апаттардың алдын алу және жою үшін арнайы техника сатып алу сияқты экологиялық жобаларды іске асыруға жұмсалуда», – деді спикер.


Кәдеге жарату төлемі бір реттік төлем болып табылады, ол өндірушілердің импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінің тауарларын болашақта кәдеге жарату үшін жұмсалады. Бірақ әр өнімнің пайдалы қызмет ету мерзімі бар.


Сондықтан ұйым қаражатты сақтай отырып, оларды қайтарымды негізде бүгінгі күні қажет болған жерге бағыттайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости