RSS лента

18 жастағы алматылықтың алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар боп шықты

  • 02.12.2025, 16:09,
  • 40
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ІІМ

Алматыда алаяқтықтың 30 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция қызметкерлері интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастыру арқылы азаматтарды алдап келген 18 жастағы күдіктіні ұстады. ІІМ мәліметінше, ол шын мәнінде жоқ пәтерлерді жалға беру туралы ойдан шығарылған ұсыныстарды жариялап, тұрғындардан алдын ала төлем, кейбір жағдайларда тіпті толық жалдау ақысын да алған. Бүгінде полицейлер оның заңға қайшы әрекеттерінің шамамен 30 эпизодын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

- Күдікті жолға қойылған схема арқылы әрекет етіп, азаматтардың сенімін теріс пайдаланған. Біз жәбірленушілердің толық шеңберін анықтау бағытында жедел іс-шараларды жалғастырып жатырмыз. Қала тұрғындарын онлайн мәмілелер жасағанда, әсіресе пәтер жалдауға қатысты келісімдерде аса мұқият болуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц