RSS лента

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған олимпиада басталды

  • 25.11.2025, 16:17,
  • 42
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша төртінші (қорытынды) кезеңі басталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дәстүрлі олимпиаданың мақсаты - ауыл оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және мамандық таңдауға қолдау көрсету. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, республикалық кезең жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша екі турдан өтеді. Қорытынды сайысқа еліміз бойынша 475 оқушы іріктелген.


Былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл 125 000 оқушы тіркелді. Бұл ауыл мектептері оқушыларының зияткерлік сайыстарға ынтасы мен белсенділігі артқанын көрсетеді.


Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц