RSS лента

Еңбек тәуекелдерінің картасы не үшін керек?

  • 20.11.2025, 18:01,
  • 50
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Еңбек тәуекелдерінің картасы кәсіпорындардағы даулар санын азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек дауларының алдын алуға және реттеуге ерекше назар аударады. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жүйелі негізде кәсіпорындардағы ахуалға еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді. Еңбек тәуекелдері картасының мақсаты ел кәсіпорындарындағы еңбек даулары мен жанжалдарды ерте анықтау, алдын алу және азайту жөніндегі жұмысты жетілдіру болып табылады.

 

«Барлық кәсіпорын 23 тәуекел көрсеткіші бойынша бағаланады. Бүгінгі таңда еңбек тәуекелдері картасының мониторингінде экономиканың барлық саласында 95 мың кәсіпорын бар. Оның ішіндегі 1811 кәсіпорында ұжымдық еңбек дауларының жоғары болжамды тәуекелдер бар», – деді Мейрамбек Ахметов.

 

Оның айтуынша, министрлік еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін жоғары тәуекел дәрежесіне жататын әрбір кәсіпорынмен нысаналы алдын алу жұмысын жүргізеді. Осы жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің 40 мың өтінішін қарады, олардың әрқайсысы бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

 

«Бүгінгі таңда мониторинг нәтижесінде жоғары тәуекел аймағынан 3200 кәсіпорын шығарылды, онда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұдан бөлек, жұмыскерлер арасында проблемалық мәселелер бар кәсіпорындардағы ахуалды мониторингтеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы, жыл басынан бері 55 ұжымдық еңбек дауы шешілді. Қазір 95 кәсіпорын бойынша әлеуметтік шиеленісті болдырмау бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл кәсіпорындардың барлығы тізілімге енгізілген және біздің бақылауымызда», — деп атап өтті спикер.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц