RSS лента

Республика күні – елдік пен ерліктің мерекесі

  • 23.10.2025, 00:21,
  • 20
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау ӨКҚ

Республика күні-халқымыздың бірлігі мен елдік рухын ұлықтайтын ұлы мереке.

Бұл күн - Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтып, жаңа белестерге жету жолындағы басты символдардың бірі. Республика күні барша азаматтарды ортақ мақсат пен бір мүддеге ұйыстыратын, ел болашағына деген сенімді күшейтетін ерекше мейрам болып табылады.

 

Бұл мереке-елдің тыныштығы мен тұрақтылығын, азаматтардың еңбегі мен отансүйгіштігін дәріптейтін күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қазіргі кезең-Жаңа Қазақстанды құру дәуірі, әділетті қоғам орнату кезеңі. Республика күні-осы бағыттағы жаңару мен жаңғырудың нақты көрінісі.Еліміздің түкпір-түкпірінде бұл мерекеге орай түрлі мәдени, рухани, ғылыми және спорттық іс-шаралар өткізіліп, халық арасында патриоттық рухты көтеруге ерекше мән беріледі. Бұл күн-әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезініп, туған жердің дамуына үлес қосуға ынталанатын сәті.

      

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде де Республика күні кең көлемде аталып өтеді. Университет қабырғасында студенттер мен оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, патриоттық форумдар, шығармашылық кештер ұйымдастырылады. Онда еліміздің жетістіктері, жастардың қоғамдағы рөлі, ел дамуына қосып жатқан үлесі туралы ойлар ортаға салынады.Қара шаңырақ ҚазҰУ ұжымы үшін Республика күні-білім мен еңбектің, бірлік пен парасаттың, елге қызмет етудің мерекесі. Университет жастары үшін бұл күн-өз елін сүйетін, ертеңіне сенетін азамат болуға шақыратын рухани мектеп.

      

Республика күні-өткенге тағзым, бүгінге құрмет, болашаққа сенім мерекесі. Әрбір қазақстандық осы күннің мәнін терең сезініп, елінің дамуына өз үлесін қосуы қажет.Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

 

 

С.Ж.Сулейменова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы,профессор

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости