RSS лента

Атырауда "шалқайып" жүрген шетелдіктер елден шығарылды

  • 20.10.2025, 11:23,
  • 61
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысында 13–17 қазан аралығында республикалық деңгейде "Заңсыз келуші–2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу және жолын кесу. Іс-шараның алғашқы үш күні ішінде 364 құқық бұзушылық анықталды.


Анықталған заңбұзушылықтардың ішінде: Қазақстан Республикасынан кету мерзімін өткізіп алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар – 110 дерек; Елден он тәуліктен астам уақыт бойы кетуден жалтарғандар – 133 дерек; Визада көрсетілген мақсаттарға сай келмейтін еңбек қызметін атқарған, не еңбек етуге рұқсатсыз жұмыс істеген шетел азаматтары – 116 дерек; Шетелдіктерді қабылдайтын жеке және заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 106 дерек; Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері – 14 дерек.


Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 39 шетел азаматы елден шығарылды, ал ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша бір тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаментінің мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, шетел азаматтарының ел аумағында болуын бақылауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости