"Atyrau Oil" парақшасының мәліметінше, ол жергілікті компания басшысынан 10 миллион теңге талап етіп, кәсіпорын қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан. Ол ақшаның бір бөлігі – 4 миллион теңгені «Тенгри» қонақүйінде делдал арқылы берген сәтте ұсталған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқықбұзушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаментінің ресми түсініктемесі күтілуде.