RSS лента

Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы қандай?

  • 08.10.2025, 12:20,
  • 39
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2025 жылғы өмір сүру сапасы белгілі болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі. 

Ұлттық статистика бюросынан білгеніміздей, «Халықтың өмір сүру сапасы» тақырыбы бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 53,2% (өздерінің субъективті бағалауы бойынша) өмір сүру жағдайларына қанағаттанатындарын, 46,3% – жартылай қанағаттанатындарын білдірген. Ауылдық жерлерде өмір сүру жағдайына қанағаттанғандар үлесі (65,4%) қалалық жерлерге қарағанда (51,7%) жоғары.

 

Өткен жылғы сәйкес зерттеумен салыстырғанда, халықтың өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейі 2024 жылы 52,5%-дан 2025 жылы 53,2% дейін өсті.

 

Респонденттердің 51% денсаулықтарына қанағаттанатындарын, 46,4% – жартылай қанағаттанатындарын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда (2024 жылы – 49,5%), денсаулыққа қанағаттану деңгейі 1,5 пайыздық тармаққа артты. 

 

Материалдық қамтамасыз етілу деңгейі (табысы) бойынша респонденттердің 73,6% өздерін орташа қамтамасыз етілгендер қатарына жатқызады.

 

Респонденттердің 65,8% туыстары немесе таныстары тарапынан моральдық қолдауға сенімді екенін көрсетті.

 

Сауалнамаға қатысқандардың 73% өз болашағына сенімді және келешекте жағдай жақсарады деп есептейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости