Ішкі көші-қон кезінде автоматты түрде әскери есепке қою азаматтардың жеке қатысуынсыз жүзеге асырылады. 2025 жылдың басынан бері бұл норманы 250 мыңға жуық адам пайдаланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев мәлімдеді.
«17 жастағы балаларды әскери есепке қою «Электрондық үкіметтің» проактивті форматына ауыстырылды. Сондай-ақ білімін жалғастыратын; бір және одан да көп баласы бар; жұмыс істейтін педагогтар; ауылдық жерлердегі дәрігерлер және ғылыми дәрежесі бар азаматтарға шақыруды кейінге қалдыру мен босатуды беру енгізілді», – деп түсіндірді спикер.
Фархат Айдарбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері 110 мыңнан астам жас әскери есепке алынды. Бұл ретте 230 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылды және босатылды.