"Құрметті клиенттер! Соңғы кездері қазақстандықтар Қазпошта атынан кездейсоқ электрондық пошта мекенжайларынан келген күмәнді SMS-хабарламалар алуда. Онда «мекенжай дұрыс көрсетілмеген, сәлемдемеңіз 24 сағаттан кейін қайтарылады» деген мазмұндағы мәтіндер жазылып, күмәнді сілтемелер жіберіледі. Бұл - алаяқтық жолмен таратылған хабарламалар.
Мына жайттарға назар аударуыңызды сұраймыз:
• Қазпошта ешқашан бейтаныс сілтемелер арқылы мекенжайды нақтылауды сұрамайды;
• Мұндай хабарламаларда көрсетілген сайттар Қазпоштаға тиесілі емес;
• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және деректеріңізді енгізбеңіз.
Егер осындай хабарлама алсаңыз, дереу өшіріп, ешқандай әрекет жасамаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін 1499 байланыс орталығына хабарласыңыз" делінген "Қазпошта" хабарламасында.