RSS лента

Қазақстан митрополиті I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

  • 17.04.2025, 14:36,
  • 37
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц