Алматыда мемлекет басшысының атынан сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
"Бұл наградаларды сіздердің елімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыздар. Тіпті бүкіл Алматының жұмысына берілген баға деуге де толық негіз бар. Елге сіңірген еңбек ешқашан елеусіз қалмайды" деді М.Әшімбаев.