RSS лента

Еліміздің 1100 мектебінде дрондарды басқаруға үйретеді

  • 08.04.2025, 16:19,
  • 38
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу – мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Еліміздегі 1100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылды. Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады.

 

Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда. Жуырда ұлттық Aspan Drone Competition турнирінің жеңімпаздары Қазақстан намысын халықаралық деңгейде қорғайды.

 

Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости