RSS лента

Аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстың беті ашылды

  • 06.01.2025, 12:41,
  • 86
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтардан қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлеріне қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

 

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

Жалпы 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталып, оның ішінде шетелдік қылмыскерлердің жетекшілерінің көмекшілері де бар. Олардың 40-ы сотталып, қалғандарымен сотқа дейінгі тергеулер әлі жүргізілуде.

 

Ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости