RSS лента

Мүгедектігі барларға қатысты заңнамалық өзгерістер енгізіледі

  • 31.10.2024, 14:08,
  • 52
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа әлеуметтік-құқықтық қорғау моделі аясында мүгедектігі бар адамдарға қатысты құқықтарды кемсітушілікті анықтау және жою мақсатында ұлттық заңнаманы талдауды қарастырады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты теңдік пен кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленеді. Оның ішінде қолданыстағы «мүгедектік», «балалар мүгедектігі» және басқа да ұғымдар Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенциясына және әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне сәйкестендіріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ брифингінде Инклюзивті саясат тұжырымдамасының тетіктеріне тоқталып өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости