RSS лента

Абайдың шығармашылығына 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ

  • 08.08.2024, 10:17,
  • 590
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Республикалық деңгейде шығармашылығына арналған 500-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім еткендей, облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа...» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді.

 

Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер мен Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости