RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнімен құттықтады

Автор фото: ortcom.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.


Айта кетейік, 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн 2020 жылдан бастап Қазақстанда мереке ретінде аталып өтілуде. Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. «Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді» - Абайдың осы және басқа да сөздері қанатты сөздерге айналды.

 

Абай 170 астам өлең мен 56 аударманың авторы. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туған. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости