RSS лента

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны – Абай күні

  • 10.08.2023, 09:53,
  • 331
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: baribar.kz

10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні. 

Қазақ халқының ұлы ақыны өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, ойы терең және тілі өткір Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған.


Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті.


«Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ұждан адамды көтереді» - Абайдың осы және басқа да сөздері қанатты сөздерге айналды.


Абай 170 астам өлең мен 56 аударманың авторы. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туған. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.   


Абайдың суреті


Мынау тұрған Абайдың суреті ме? —
Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Қарсы келер Абайдың кім бетіне!
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа,
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған —
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түрінде теңізі бар,
Тесіле көп қарасаң көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!


(Жамбыл Жабаев)

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости