Мәжілісте вандализмге қатысты жауапкершілікті қатаңдату бойынша заң қабылданды. "Қазақстан" ұлттық арнасы мәлім еткендей, жаңа заңдағы баптың екінші бөлігі бойынша 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 300 сағаттан 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не болмаса дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.
Сондай-ақ, енді белгіленбеген жерде коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады.