RSS лента

Тасқыннан зардап шеккен оқушыларға жолдама берілмек

  • 03.04.2024, 18:02,
  • 182
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ведомство басшысы оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды тапсырды.

 

Еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын.

 

Аппараттық кеңес барысында министр балалардың қауіпсіздігімен қатар, су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған педагогтерді қолдау мәселесіне де тоқталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости