RSS лента

Шайх-Хасан Жазықбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

  • 09.02.2024, 11:29,
  • 216
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында. 

Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.


1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.


Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости