Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары:
- персонал мен келушілердің медициналық ұйымдарда медициналық маскаларды пайдалануы, антисептиктердің болуын;
- covid-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету керек.
Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға меншік нысанына қарамастан:
- халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-лар, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, авиа, теміржол) медициналық немесе мата маскаларын пайдалануды ұсынуға міндетті.
Қаулы 2024 жылдың 8 ақпанынан қолданысқа енгізілді.