RSS лента

Студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұсталды

  • 29.11.2023, 10:17,
  • 276
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданында 23 қарашада кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылы туған 2 колледж студенті ұсталды. Олар УҰИ-ға қамалды, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінің студенттері де 500 000 теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды.


ҚР ҚК 194-бабына сәйкес 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және бір топ тұлғаларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін санкциялар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Ішкі істер министрлігінің айтуынша, оқу орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының барлық оқу орындарында Komek Stop Bulling ZKO қосымшасы орнатылып, қорқыту мен бопсалау фактілері анықталуда, ол арқылы студенттер көмек сұрай алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости