Бүгінгі Мәжіліс отырысында қазақ киносының дамуы жөнінде Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа сауал жолданды.
Өкінішке қарай, кино түсірілім алаңдарында қайғылы жағдайлар орын алып жатыр. Осы орайда кино саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында сала мамандарына арналған өнідірстегі жарақаттары мен жазатайым оқиғаларды міндетті сақтандыруды және әлеуметтік кепілдіктерді заңнамаға енгізу қажет екенін атап өтті.
Кинотеатр тапшылығын көтерді. Ресми статистикаға сүйенсек, ірі қалаларды есепке алмағанда, 1 облысқа орташа есеппен 4 кинотеатрдан келеді. Тұрғылықты халық санын ескере отырып, үкіметтің ықпалымен және кәсіпкерлердің қолдауымен кинотеатрлар ашқан жөн.
Отандық кино түсірушілер өз фильмдерін үлкен экранда көрсетуге мүмкіндік алу үшін ірі американдық киностудиялардың өкілдеріне жүгінуге мәжбүр. Оларды қолдау мақсатында барлық кинотеатрлардың сеанстарында, оның ішінде прайм-тайм уақытында, Қазақстанда шығарылған киноларға арналған көрсетілім квотасын енгізуді ұсынылды.
Елімізде дубляж жасаумен кәсіби мамандар айналысып жатқан жоқ. Бұл мәселені шешу үшін Қазақфильм жанынан толықтай жабдықталған, халықаралық стандарттарға сай әрі арнайы сертификаттары бар кәсіби дубляж студиясын ашу. Сонымен қатар ЖОО дубляж жасау мамандығын ашып, осы бағыттағы мамандар санын арттыру қажет екенін айтты.
Фракция мүшесі отандық мультипликация саласына да тоқталды. Үлкен экран арқылы жас буынның қаһармандары пайда бола бастады. Қобыланды, Қабанбай батырларды білмейтін бала Человек паук пен Бэтмендерді біледі. Осы саланы қолдау мақсатында, мемлекет тарапынан ұлттық құндылықтарды заманауи түрде жеткізетін мемлекеттік тілдегі жобаларға субсидия бөлуді қарастыру керектігін атап өтті.