RSS лента

Биылғы егін елді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз етуге жеткілікті

  • 07.11.2023, 10:23,
  • 229
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/nickype

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күтілетін жалпы астық түсімі 16 млн тоннаны құрайды.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алқап 24 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Бүгінгі таңда барлық өңірлерінде астық жинау науқаны аяқталуда. 


Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 16,9 млн га (98,7%) жиналды.


Орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық, оның ішінде 11,4 млн тонна бидай, 4,3 млн тонна көкөніс дақылдары, 3,5 млн тонна картоп және 1,6 млн тонна майлы дақылдар жиналды, атап айтқанда 747,5 мың тонна күнбағыс бастырылған.


Егін жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ұйымдарына литріне 250 теңгеден 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости