Министрдің мәліметінше, орташа түсімділік гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналатын алқабы 24 млн га құрайды.
Жинауға дайын (дақылдар бөлінісінде)
13,7 млн га бидай,
2,8 млн га майлы дақылдар,
188 мың га картоп,
165 мың га көкөніс.
Егіс науқаны сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы мерзімде жүргізілді.
Диқандар тыңайтқыштарды дер кезінде беріп, егінді арамшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізді.
Сонымен қатар вегетациялық кезеңде диқандар құрғақшылық пен егістік суының жетіспеушілігіне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болды, бұл егістіктің жағдайына әсер етті. Мұнда өңірлік ауқымды төтенше жағдай жариялау және шаруалардың шығындарын жабу, субсидияларды жеделдетіп төлеу және несие мерзімін ұзарту жұмыстары жүргізіліп келеді.