RSS лента

Қазақстандық суретші халықаралық байқауда жеңіске жетті

  • 02.11.2023, 02:30,
  • 328
  • 0
  • Автор:

Дизайнер болып еңбек ететін Назерке Ищанова халықаралық байқаудан бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Испанияда өткен әлемдік «Усы Дали» байқауының «Digital Painting» номинациясына әлемнің 60 елінен 150 адам қатысып, өз жұмыстарын ұсынған екен. Нәтижесінде, Назеркенің джаз тақырыбында электронды планшет арқылы салған «Все начинается с инициативы одного человека» атты туындысы бірауыздан бірінші орынға лайық деп танылыпты!

 

«Мен 26-35 жас аралығындағы қатысушылар арасында бақ сынадым. Өз жұмысымды қыркүйектің басында жолдадым. Қазанда сурет плагеат па, жоқ па, сол жағы тексеріліп, байқауға қабылданғаны жөнінде хабар келді. Ал, бүгін, міне, конкурс қорытындысы шығып, қуанып отырмын» дейді Назеркенің өзі.

 

Енді суретші келесі жылы наурыз-сәуір айларында Коста-Бравада (Испания) өтетін сурет фестиваліне шақырту алды. Сонда салтанатты марапаттау шарасы өтеді. 

 

Сондай-ақ, «Қыр баласы» қоғамдық ұйымында да ерікті болып жұмыс жасайтын ол осыған дейін елуден астам картинасын заманауи «Digital Art» стилінде салып үлгерген. Бір ерекшелігі, суретші қазақ халқының бірегей тұлғаларын кейіпкер етіп алған. Ондағы мақсаты – өскелең ұрпаққа өткенін ұмыттырмау. Еткен еңбегі еш кетпей, жуырда ғана оның «Мұнар күн» туындысы Лондондағы халықаралық «Алтын таланттар уақыты» байқауында бірінші орынды иеленді. Ал, бұл конкурста барлығы 39 мемлекеттен 200-дей суретші бақ сынаған болатын. Тағы бір қызықты қараңыз, Назеркенің тарихи тұлғаларды еңбегіне арқау етуі тегін емес болып шықты. Айтуынша, қазір олардың бейнесін ғаламтор желісінен табу қиынға соғады екен. Өзі де Истай Тайманұлы туралы кітапты безендіру барысында оның батыр бейнесіндегі суретін таба алмапты. Сөйтіп, басына дулыға кигізіп, заманауи үлгіде суретін салып шыққан. Содан бері зиялы адамдарды заманауи форматта суреттеп жүр.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости