RSS лента

9 сыныптан кейін бала қайда барады?

  • 13.09.2023, 11:25,
  • 318
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстан құрамасы Euroskills Gdańsk 2023 чемпионатында 2 медаль және 4 «Үздік медальон» иеленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова осы бағыттағы бүгінгі жетістіктер туралы хабардар етті.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жылы 9-сыныптан кейінгі білім алушыларды 100% қажетті мамандықтармен даярлау көзделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 80% құрайды. Бұл стратегиялық шешім экономикалық өсуге және елдегі еңбек нарығының дамуына ықпал етуге дайын құзыретті мамандарды даярлауға бағытталған.

 

Қазірдің өзінде елімізде 773 колледж жұмыс істеп жатыр, 517 мың студент білім алуда. Білім беруді қолдаудағы маңызды қадам колледждерді республикалық бюджеттен қаржыландыру, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу болды. Былтыр 45 мың орын бөлінсе, биыл 50 мың орын бөлінген.

 

    «Үш жылда балалардың колледждерге келуі 39 мыңға артты. Мұның өзі қазіргі таңда біздің колледждердің беделінің артып келе жатқанын байқатады», – деді Ақзира Қасымова.

 

Сонымен қатар кәсіпорындармен, өндіріспен, бизнеспен байланысты арттыру жұмыстары көзделген. Соған байланысты көптеген НҚА-ға өзгерістер енгізілді, кәсіпорындармен байланысты күшейтіп, дуалды оқытуды арттыру арқылы көптеген шаралар қолға алынған.

 

    «Қазір ең басты міндеттердің бірі - міндетті тапсырыспен білім алу. Оқу орнына тапсырыс бойынша кәсіпорындардың өтінімі арқылы сол жерге орналастырамыз. Яғни, балалар 100% жұмысқа орналасады», – деп нақтылады А. Қасымова.

 

Бұдан басқа, 180 колледж «Жас маман» жобасы бойынша толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталды. 212 орындық құзыреттілік орталығы ашылып, оның ішінде 13-і ІТ саласы бойынша жабдықталып, бағытталған.

 

    «Бұл балалардың өсуіне ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындардағы мамандарды да даярлауға септігін тигізіп жатыр», – деді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.

 

Құзыреттілік орталықтары WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктіліктерін арттыруға, сертификаттауға негізделіп жұмыс жүргізуде.

 

Қазақстан 2014 жылдан бастап WorldSkills International халықаралық қозғалысының толыққанды мүшесі, ал 2016 жылы EuroSkills қозғалысына мүше болды.

 

Білім беру саласындағы бұл шаралар мен стратегиялық қадамдар жастар үшін табысты болашақты қамтамасыз етуге және елдің дамуын жалғастыруға бағытталған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости