RSS лента

2024 жылға жалақы және зейнетақының ең төменгі мөлшері анықталды

  • 21.08.2023, 09:23,
  • 435
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/nattanan23

"2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" заң жобасының аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап: 

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 70 000 теңге;    

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге;

4) айлық есептiк көрсеткiш – 3 692 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 43 407 теңге болып белгiленеді. 


Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 %-ға көтеру ескеріле отырып көзделген. 


Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,9 % болып белгiленетін болады. 


Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости