RSS лента

Қазақстанда 3670 онлайн казино бұғатталды

  • 29.06.2023, 11:34,
  • 408
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің онлайн казиноларды анықтау және бұғаттау бойынша жұмысының нәтижесінде, осы жылдың басынан бастап 3670 интернет-казино бұғатталған, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Министрліктің хабарлауынша, сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылды. Бұған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да бұзушылықтар негіз болды.


2022 жылы Комитет 4 ойын автоматтары залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша 1 зал жабылып— лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.


«Жасыратыны жоқ, онлайн-казинолар және, атап айтқанда, олардың жарнамалары оңай жеңіске жетуге уәде береді - құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензияларын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.


2019 жылы елде интернет-ресурстарды мониторингілеу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл бірден бірнеше мемлекеттік органдарға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет-казиноларды жедел анықтауға және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп анықталған интернет-казиноларды бұғаттау туралы ақпаратты қарау мерзімін қысқарту жөнінде шаралар қабылданды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости