«2022 жылғы 19 наурызда «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.
Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды», — делінген хабарламада.
Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.