RSS лента

Қайшылық та, қиындық та қымбатшылықтан туады

  • 12.05.2023, 22:10,
  • 269
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: ашық дереккөз

Қазақстан – экономикасы көп ретте шикізатқа негізделген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Десек те осы саланың күре тамырына қара алтыннан өнім де өндіріп отырмыз. Ол – жанар жағармай, дизель отыны. Оның құны көршілес өзге елдерге қарағанда көп арзан. Бұл жағдайды іргелес мемлекеттер пайдаланып, бөшкелеп тасымалдап кетуде. Әрине, бұл еліміздегі жанар-жағармай тапшылығын туғызатыны анық.

 

– Үш мұнай өңдеу зауыты қайта жаңғыртылып, өнім өңдеу бірнеше есе артқанымен, ішкі сұраныс әлі толық өтелмей отыр, - дейді жүргізуші Мағзым Қанатбайұлы. – Себебі Қазақстанда бензин мен дизель отыны құнының төмендігін көріп, оны арзан бағаға алып, өз елінде қымбатқа сататын алыпсатарлар көбейді. Қазақтың бензині мен дизель отыны өзіндегі жетпестіктің орнын жабудың орнына, делдалдың қалтасын қампитып, сыртқа кетіп жатыр. Оның үстіне, бағаның төмендігі саланың жеткілікті түрде дамуына айтарлықтай әсер етіп келеді. Өңделген өнім мен оны тасымалдау, сату шығындары, негізінен, өзін өзі өтеп тұрса ғана жүйелі жұмыс жасап тұратыны анық. Мәселен, газдың тым арзан болғаны оны өндіріп, өңдеп, тасымалдайтын осы саланы болашақта тығырыққа тіреуі әбден мүмкін. Өйткені кіріс аз, шығыс көп. Сондықтан, ең алдымен, көршілерді емес, өзімізді жарылқап алуымыз қажет. Бұл орайда саланың келешегін ойлаған Үкімет басындағы азаматтардың қабылдаған шешімі дұрыс ұйғарым деп санаймын.

 

Биылғы сәуір айының 12-сінен бастап елімізде жанар-жағармай бағасының көтерілгені белгілі. Әрине, мұны мемлекет пен үкіметтің ұстанымы, салалық министрліктің саясаты, сол бағытта қабылдаған қадамы деп ұғындық. Алайда... оның кейбір кереғар жақтары барын да ескерусіз қалдырмағанымыз абзал.

 

– Ақиқатын айтқанда, жанар-жағармай бәрінің қымбауынан азық-түліктің, күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы да күрт өсетіні заңдылық. Соған байланысты, оны жеткізетін көліктердің тасымалдау қызметінің ақысы да жоғарылайды. Сайып келгенде, осының бәрі әлеуметтің әлеуетінің төмендеуіне ықпал ететіні даусыз. Сол себепті, мұндайда қайткенде де қарапайым халыққа қиындығы мен кеселін келтірмейтін жағын көздеу керек, деп есептеймін, - дейді «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрайымы Балжан Досмұхамбетова.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости