RSS лента

Қарбызға таласқан астаналықтар ұятқа қалды (+фото)

  • 29.08.2023, 01:00,
  • 529
  • 0
  • Автор:
Автор фото: zhasalash.kz

Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Өкінішке орай, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесінде келеңсіз жағдай орын алды. Оған қатысты Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеме жасады.

 

– Өткен демалыста EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп өнімдеріне және ұлттық қолөнеріне арналған көрме-жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылды. Кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырған. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл — мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі. Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. Полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылды. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады, – дейді Жеңіс Қасымбек.



Айта кетейік, бұл күні мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер  қойылды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

 

Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық  кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.


 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости