Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады.
Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Президент Баспасөз қызметінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.