RSS лента

2029 жылға дейін 11000 км теміржол жаңартылмақ

  • 18.11.2025, 12:12,
  • 36
  • 0
  • Автор:
Автор фото: rail-news.kz

Биыл елімізде 1404 км теміржол жолы жөнделді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Rail-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде күрделі жұмыстар аяқталды, рельс-шпал торкөзі толығымен төселді. Бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жалғасуда. 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде барлығы 4 277 км жол жөнделді. 2026 жылы 1577 км көлемінде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, бұл негізгі бағыттарда пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қолдауға мүмкіндік береді.


Инфрақұрылымды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс теміржол тасымалы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға, пайдалану шығындарын азайтуға және магистральдық желінің қызмет ету мерзімін ұзартуға бағытталған.

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2029 жылға дейін 11000 км теміржол желісін жаңарту жоспарлануда.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости