Қазақстанда «Цифрлық жібек жолы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде барлық жүк тасымалын қадағалап отыруға арналған бірыңғай логистика картасы жасалады. Жоба жүктердің қозғалысына байланысты негізгі деректерді визуализациялауға, жолдар мен бекеттердің жүктемесін анықтауға, республикадағы жол инфрақұрылымын дамыту үшін қосалқы сервистерді талдауға бағытталған.
Бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен автожанармай құю стансаларындағы бейнекамераларды көре алады және автокөлік құралдары қозғалысын қадағалайды. Бұл бақылаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етіп, мәлімделген маршруттан ауытқуларды және ықтимал жалған транзитті анықтауға көмектеседі.