Бұл процестің негізгі элементі – әр тауар бірегей сәйкестендіру кодын алатын Ұлттық тауарлар каталогын құру. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес Қазақстан аумағында тауарларды сату кезінде осы кодты пайдалану міндетті болады. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, пилоттық жобаға 100 мыңнан астам тауар атауын жүктеген Anvar, Small және Magnum сияқты ірі сауда дүкендері қосылды. Енді чектерде NTIN арнайы коды көрсетіледі. Бұл – халықаралық GTIN кодының қазақстандық аналогы. Ол 13 таңбадан тұрады. Тауарға код берілгеннен кейін оның барлық циклін бақылап отыруға болады: зауыттан шығуы, қайда жіберілді, т.б. мәліметтер.
Қазақстанда «Ұлттық тауарлар каталогы» мемлекеттік деректер базасын құру процесі жалғасуда. Бұл – елдегі барлық тауар үшін бірыңғай цифрлық эталон. Онда әр тауардың бірегей GTIN / NTIN коды болады. Бүгінде базада 15 млн тауар бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Оның айтуынша, ақпарат саудадан бастап, кеден, сатып алу және мемлекеттік бюджетті жоспарлауға дейінгі барлық салада қолданылады. Әрбір өнімге NTIN – өндірушіні көрсететін бірегей код тағайындалады. Импорттық тауарлар үшін әлемдік саудаға қатысатын өнім ассортиментін көрсететін GTIN халықаралық тізілімімен интеграция қарастырылған. Тауарлар туралы барлық ақпарат мемлекеттік дерекқорда жинақталады және түрлі салада қолданылады: мемлекеттік сатып алу, шот-фактураларды қалыптастыру және чектер беру кезінде. Осылайша, сатып алушы кассалық чекте сатып алынған тауардың түрін көре алады.
Ұлттық тауарлар каталогын интернетте көруге болады. Ол фискалдық деректер операторларымен және кассалық машиналармен біріктірілген. Чекті қалыптастыру кезінде жүйе автоматты түрде өнімге бірегей NTIN кодын береді. Қайталануды және дұрыс жіктеуді болдырмау үшін күн сайын модерация процедурасынан өтетін 10 млн-ға дейін чек келеді. Модерация кезінде жасанды интеллект элементтері қолданылады. Бизнеспен өзара әрекеттесу үшін компанияларға каталогқа тауарлар қосуға мүмкіндік беретін 11 тегін API қызметі іске асырылды. Егер тауар базада болса, кәсіпкерлер оның деректерін қайта қоспай-ақ пайдалана алады. Болашақта мемлекеттік сатып алуларға, субсидиялар немесе жеңілдіктер алуға қатысу кезінде компанияларға өндіруші және өнімнің сипаттамалары туралы кеңейтілген ақпараты бар тауардың толық карточкасын толтыру қажет болады.